ҚР билігі медициналық маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасының Т85-ке дейін арзандатылғанын мәлімдеді

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – ҚР билігі медициналық маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасының Т85-ке дейін арзандатылғанын мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бір реттік медициналық үш қабатты маскалардың бөлшек саудадағы шекті бағасы    Т118-ден 85 теңгеге дейін, яғни 28% арзандады», - делінген ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Telegram-каналында жарияланған хабарда.
ВАК мәлімдегендей, «отандық өндіріс көлемін ескере отырып, бүгінде өңірлерде қызу түсіретін және бактерияға қарсы препараттардың айлық қоры қалыптасты».
«Елге 3,5 млн қорап дәрі-дәрмек құралдары жеткізілді, олар бөлініп, өңірлерде жөнелтілді. Ағымдағы аптада сұранысқа ие дәрі-дәрмек құралдарын қосымша жеткізу ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарда.

adimage