ҚР БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 1 қарашада Т10,56 трлн құрады

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2019 жылдың қаңтар-қазанында Т10,559 трлн. құрады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтар-қазанында Т10,559 трлн. құрады. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарнасының жинағы Т10,319 трлн., ерікті түрдегі – Т1,921 млрд, міндетті-кәсіби – Т238 млрд», деп көрсетілген дүйсенбіде орналастырылған Ұлттық банк сайтындағы хабарда.
Есепті кезеңдегі зейнетақы жинақтарының өсімі Т1,182 трлн құраған, делінген құжатта.
Сондай-ақ, 1 қарашада зейнетақы төлемдері Т170,25 млрд. құраған.
Есептелген инвестициялық кіріс - Т599,35 млрд.
Ұлттық банк ақпарынша, салымшылардың зейнетақы шотының (СЗШ) саны 2019 жылдың 1 қарашасында міндетті зейнетақы жарнасы бойынша 9 846 699 шотты (оның ішінде зейнетақы жинағынсыз – 201 529), ерікті – 38 644 (14 504), міндетті-кәсіби зейнетақы жарнасы – 486 746 (18 352) құраған.

adimage