ҚР-да 10 жылда 160 мың адам көз жұмды: депутаттар онколог-дәрігерлердің жетіспеушілігін айтуда

Күні: 15:20, 18-03-2019.

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Онкологтар емханаларға келіп жұмыс жасауға құлықты емес, себебі олардың еңбегі учаскелік терапевттің деңгейінде бағаланады, деп мәлім етті мәжіліс депутаты Гүлнар Ықсанова.
«Емханалар бүгінде толығымен онколог-дәрігерлермен қамтылмаған, және онкологтардың өздері де ол жерде жұмыс жасауға құлықты емес, себебі олардың еңбектеріне учаскелік терапевт деңгейіндегі жалақы төленеді, ал арнайы емханаларда олар ынталандыратын үстемеақылар алады. Үстемеақы мәселесін шешу керек», - деді Ықсанова дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағаты барысында.
Мысалға Алматыдағы емханалар алынды, оларда депутаттардың ақпарынша, онкологтардың жартысынан көбі қоса атқару бойынша жұмыс жасап жүр.
«Бұл ретте науқастардың да көбі Алматыда. Жыл сайын обырмен шамамен 4 мыңдай адам ауырады, 22 мыңнан астамы бақылауда болады», - деді депутат.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстандағы халықтың көбі скринингтің тегін екенін біле бермейді.
«Соңғы 10 жылда 160 мыңнан астам отандасымыз обырдан көз жұмды. Бұл бүтіндей бір қаланың тұрғыны. Бұған дейін де атап өтілгендей, обыр жыл сайын 14 мың өмірді жалмап отыр. Оның динамикасы бойынша болжам да алаңдаушылық тудырып отыр. Онкология анықталған науқастың 40%-ы аурудың соңғы сатысына өтіп кеткен болып шығады. Обырды профилактикалық тексеру және скрининг арқылы ғана уақытылы анықтауа болады. Әсіресе ауыл халқы үшін скринингпен қамтудың жеткіліксіздігі маңызды мәселе болып табылады. 475 елдімекенде медициналық мекеме жоқ. Халқы 50-ден 800 аралығындағы ауылдарда да скрининг жүргізілмейді. Бірқатар оң нәтижелердің барына қарамастан кешенді түрде шешуді талап ететін маңызды проблеманың барын ескеру керек», - деп атап өтті Ықсанова.


Жаңалықтармен бөлісу: