ҚР-да 2020 жылдың қаңтарынан бастап мүгедектігі барлардың жәрдемақысы кем дегенде 5% көтеріледі

Күні: 17:47, 12-12-2019.

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. ҚР-да 2020 жылдың қаңтарынан бастап мүгедектігі барлардың жәрдемақысы кем дегенде 5% көтеріледі, деді ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
«Мүгедектігі барлардың жәрдемақысы жыл сайын өседі, келесі жылы да – өседі, кем дегенде 5%-ға. Қаңтардан бастап», - деді Нұрымбетов бейсенбідегі сенат кулуарында.
Оның айтуынша, Қазақстанда мүгедектігі бар 690 мың адам тұрып жатыр «және олар мүгедектік топтарына қарай түрлі деңгейдегі жәрдемақы алады».
«АӘК (атаулы әлеуметтік көмекке – ҚазТАГ) және мүгедек балаларға қатысты – жәрдемақы, мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы, олар ешқашан кіріс ретінде есептелмейді», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: