ҚР-да АӘК есептеу барысында шәкіртақы отбасы кірісі ретінде ескерілмек

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті есептеу барысында шәкіртақы отбасы кірісі ретінде ескерілмек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бізде тек шәкіртақы бойынша сұрақ болды. Біз оны екі себеп бойынша (АӘК төлеу кезінде орташа жанбасылық кірісті есептеу үшін – ҚазТАГ) енгізуді жоспарлап отырмыз. Біріншісі, біз тұрғындармен кездескен кезде студенттерді де отбасы мүшесі ретінде ескеру сұралған еді. Оның қайда тіркелгеніне қарамастан. Енді басқа қалада оқып жатқан кез келген студент отбасы мүшесі ретінде есептеледі. Яғни оған да отбасының кірісі бөлінеді, соған байланысты оның шәкіртақысы АӘК төлеу барысында ескеріледі. Екіншісі, Салық кодексінің 160-бабы бойынша шәкіртақы кіріске жатқызылады», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда мәжілістегі үкімет сағатында Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсованың шәкіртақы студенттердің жақсы оқуын ынталандыру, ол кіріс емес, сондықтан оны АӘК төлеу кезінде ескермеу керек деген мәлімдемесіне, министр АӘК елімізде 18 жасқа төленетінін және бірінші кезеңде, 2002 жылы тек екі төлем ғана кіріске жатызылмаған - АӘК мен, тұрғын үй көмегі деп жауап берді.
«Қалған кірістің барлығы ескерілген. 2008 жылдан бастап төлемнің 13 түрі кіріске жатқызылмайды, қазір - 21 төлем», - деді министр.
Мәжіліс депутаты Ирина Аронованың зейнетақы да отбасы кірісі ретінде санала алмайды, ол да АӘК төлеу кезінде ескерілмеу керек деген сөзіне, ведомство басшысы «әлбетте, кіріс – жалақы, коммерциялық қызметтен түскен кіріс және т.б.» деді.
«Десек те, АӘК мәні неде? Кез келген отбасында жалақы түрінде кіріс бар, бұл менің пікірім, коммерциялық қызметтен түсетін кіріс және т.б. бар. Бұл зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының 28 түрі, оған жыл сайын республикалық бюджеттен Т3,053 трлн. бөлініп отыр. Бұл да отбасына мемлекеттің қалтасынан төленіп отырған ақша, ол отбасы осы ақшаға өмір сүріп отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, 2008 жылдан бастап зейнетақыны орташа жанбасылық кірісті есептеу кезінде қалай ескерсе, солай ескеріліп келе жатыр.
«Отбасына тұрақты негізде түсетін төлемдердің барлығы – ескерілуі керек, бұл ретте біржолғы төлемдер ескерілмейді. Сондықтан отбасына түсетін жәрдемақы мен зейнетақы орташа жанбасылық кірісті есептеу кезінде ескерілуі керек, отбасының кедей немесе кедей емес екенін анықтау үшін», - деді Нұрымбетов.

adimage