Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Қаңтар-қарашада Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді, деп хабарлады еңбек және халықты әлдеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ведомствода хабарлағандай, жүктілік пен босану, жаңа туған баланы (қызды) асырап алу бойынша әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 65,1 млрд теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша – 74,2 млрд теңгені, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 11,4 млрд теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 7,8 млрд теңгені, жұмысынан айырылу бойынша – 3,6 млрд теңгені құрады.
«Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 424 063 теңгені құрады, мұндай төлемді 164 мың қазақстандық алды. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 30 925 теңгені құрады, оны 395 мың азамат алды. 54,7 мың адам жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 631 теңгені құрайды. 46,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 628 теңгені құрады. Тағы 85,3 мың азамат еңбекке қабілетінен айрылуы жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алды. Бұл төлемнің орташа мөлшері 14 860 теңгені құрады», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51