ҚР-да байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бөлек атап өту ұсынылуда

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бөлек атап өту ұсынылуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкімет қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталмыш қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесі  келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын: «6-1. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр»; 16 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні – 28 маусым», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
Қолданыстағы мерекелік тізбе бойынша байланыс және ақпарат қызметкерлері кәсіби мерекелерін бір күнде 28 маусымда атап келген еді.
Қаулы жобасы 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


adimage