ҚР-да ең төменгі зейнетақы мөлшері 7% өсті

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР-да ең төменгі зейнетақы мөлшері 7% өсті.
«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның 7 бабына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – Т16 мың 839. Бұл ретте зейнетақының ең төменгі мөлшері Т38 мың 636 көлемінде бекітілген.
Еске салсақ, 2019 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері Т36 мың 108 болған, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіндегі өтіліне байланысты күнкөріс деңгейінің көлемінен 54-тен 100% дейін, яғни Т16 мың 37-ден Т29 мың 698-ге дейін құраған.

adimage