ҚР-да ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасағандары үшін 13 мыңнан астам педагогқа үш жыл бойына үстемеақы төленбей келген

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасағандары үшін 13 мыңнан астам педагогқа үстемеақы төленбей келген, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады», - говорится в сообщении в среду.
Өз кезегінде көрсетілген жұмыс жағдайы үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға жалақыдан 40% мөлшерінде үстемеақы көзделген.
«Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176, 2 млн. теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды», - делінген бас прокуратура сайтында

adimage