Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – ҚР-да ІІІ тоқсанда дайын өнім бағасының өсу қарқыны төмендейді деп болжануда, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 3-тоқсанында өз өнімдеріне деген сұраныс бойынша кәсіпорындардың күтімі оптимисті. Құрылыс саласының кәсіпорындары өз өніміне деген сұраныстың төмендеуін, ал сауда саласының кәсіпорындары жоғарылауын түтуде. Сонымен қатар барлық салалардың кәсіпорындары дайын өнімге деген бағаның өсу қарқынының бәсеңдеуін күтуде, бұл шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты болуы мүмкін», - делінген Ұлттық банктің салалық конъюнктуралық шолуында.
Бұл ретте атап өтілгендей, «2019 жылдың 2-тоқсанында дайын өнімге деген сұраныстың өсуін барлық салалардың кәсіпорындары айтып отыр».
«Сауда саласындағы ДИ өсу аясына өтті. Сұраныстың ең жоғарғы өсу қарқыны кен өндіру өнеркәсібінде және көлік және қоймалау саласында орын алды. Өңдеу саласында сұраныс айтарлықтай өзгерген жоқ», - делінген құжатта.
2019 жылдың 2 - тоқсанында шикізат пен материалдардың бағасының өсу қарқыны күтілгендей жалпы бәсеңдеді.
«Бұған қарамастан қарастырылып отырған салалардың бәрінде дайын өнімді сату бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ, бұл сұраныстың жоғарылауымен байланысты болу керек», - деп нақтылады Ұлттық банктен.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26