ҚР-да карантин талаптарын бұзғаны үшін азаматтар мен бизнеске Т83 мың және Т638 мың айыппұл салынады

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанда карантин талаптарын бұзғаны үшін азаматтар мен бизнеске Т83 мың және Т638 мың айыппұл салынады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК көлемінде, кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК және одан да жоғары көлемде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады», - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов бейсенбідегі брифингте.
1 АЕК = Т2778.
Еске салсақ, 5 шілдеден бастап Қазақстанда коронавирус жағдайына байланысты 14 күнге шектеу шаралары күшейтіледі.

adimage