ҚР-да коронавирустен қайтыс болғандардың денелерін ашпайды және туыстарына бермейді

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. ҚР-да коронавирустен қайтыс болғандардың денелерін ашпайды және туыстарына бермейді, деді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
«Қаулыға сәйкес (ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің – ҚазТАГ) мен коронавирустен қайтыс болғандарды жерлеу алгоритімін бекіттім: мүрдені ашуға болмайды және ол туыстарына берілмейді», - деді Есмағамбетова сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша марқұммен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі, онда да ең жақын туыстары мен бір молдаға рұқсат беріледі, олар марқұмның денесінен үш метрден кем емес қашықтықта болулары керек.
«Марқұмды жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің бақылауымен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен барлық эпидемиологиялық шаралар сақтала отырып жүргізіледі», - деді Есмағамбетова.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 372 жағдайы тіркеліп, 26-сы жазылып, үш адам көз жұмды.

adimage