ҚР-да коронавирусты инфекция белгісі бар пневмониядан тағы екі адам көз жұмды

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР-да коронавирусты инфекция белгісі бар пневмониядан тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өткен тәулікте коронавирусты инфекция белгісі бар пневмонияны жұқырудың 242 жағдай ытіркеліп, екі адам көз жұмды, тағы 55 адам жазылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 1 тамыздан бастап тіркелгені: ауырғандар – 30579, қаза тапқандар - 337, жазылғандар - 26533.

adimage