Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекция (КВИ+) мен COVID-19 белгісі бар пневмонияны (КВИ-) бір тәулікте 300 адам жұқтырған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«13 наурыз 25 қыркүйек аралығында КВИ+: ауырғандар – 107 590 (өткен тәулікте 61), адам өлімі – 1715 (өткен тәулікте төрт адам); КВИ-: ауырғандар – 31 991 (өткен тәулікте 231 адам), адам өлімі – 347 (өткен тәулікте 1 адам)», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Қазіргі таңда, денсаулық сақтауминінің ақпарынша, COVID-19 дертінен 3515 адам ем алуды жалғастырып жатыр, олардың 40-ы бала. Стационарларда 1804 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 1711.
«98 адамның жағдайы ауыр, 13 – нің жағдайы нашар, 22 – сі ӨЖЖ аппаратына қосылған», - деді ведомстводан.
Қазақстанда КВИ-ден, ресми ақпар бойынша 102 360 адам жазылған.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51