ҚР-да мұнай және мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шығуға алты айға тыйым салынбақ

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда мұнай және мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шығуға алты айға тыйым салынбақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Күтіліп отырғандай, мұнай және мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шығуға, сондай-ақ автокөліктің бензин багімен және жекелеген ыдыстармен 20 литрден астам отынды алып шығуға да тыйым салынбақ.
Еске салсақ, бұл Қазақстан билігінің мұнай және мұнай өнімдерін алып шығуға тыйым салуының бірінші жағдайы емес. Аталмыш шаралар көбіне ЕАЭО мүше-елдеріне отынның әкетілуінің өсіп отырғанымен түсіндіріледі.

adimage