ҚР-да мамыр айында көп балалы отбасыларға шамамен 1,3 мың жалдамалы пәтерлер беріледі

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – ҚР-да мамыр айында көп балалы отбасыларға шамамен 1,3 мың жалдамалы пәтерлер беріледі, деп мәлім етті ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қаирбек Өскенбаев.
«Ай соңына дейін 13115 пәтерді беру жоспарлануда, алайда құрылыс дегеніміз кез келген кедергі болып қалуы мүмкін үдеріс, сондықтан шамамен 1200-1300 пәтер деп айталық», - деді Өскенбаев сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол атап өткендей, көп балалы отбасыларға пәтер беру бағдарламасы талаптарының қайта қаралғанын атап өтті.
«Біз шаршы метр саны мен шаршы метрінің бағасы деген параметрлерді алып тастадық. Сонымен, 1 мамырда берілген 209 пәтердің 144-і қаладан берілді, 125-і аудандардан. Қала мен аудандағы бағаның екі түрлі екені түсінікті. Сондықтан біз әкімдіктерге Т8,4 млн біз береміз ал қалған сомасын жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай өздеріңіз бөліңіз дедік», - деді Өскенбаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша жалға берілген үйде тұру мерзімі де белгіленбеген.
«Егер алты ай бойы жалға берілетін үйдің төлемін және коммуналдық төлемді өтемесе, берілген мүлікті әдейі бүлдірсе, көршілері шағымданса, берілген пәтерді басқа да бір мақсатқа пайдаланса (дүкен және т.б.), сонымен бірге үй иелері пәтер сатып алса да жалға берілген пәтерді мемлекетке қайтаруы тиіс», - деді спикер.
Ал отбасы пәтерді таңдай ала ма деген сұраққа Өскенбаев пәтерлердің кезектілік тәртібімен берілетінін және әзірге бас тарту болмағанын атап өтті.
«Теориялық тұрғыдан отбасы пәтерден бас тарта алады – ол кезде оларға келесі үйді күтулеріне тура келеді», - деп атап өтті вице-министр.
Бұл ретте ол жалға берілетін пәтерлерді төрт және одан да көп баласы бар және кезекте тұрған отбасылар ғана ала алатынын атап өтті.

adimage