ҚР-да саяси қуған-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссия құру дайындығы жүріп жатыр

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда саяси қуған-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссия құру дайындығы жүріп жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Саяси қуған-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мәселені жан-жақты қарау және шешу мақсатында қаулы етемін: саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын», - делінген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлық жобасында.
Еске салсақ, 22 қыркүйекте мемлекет басшысы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевпен кездесуде келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді.

adimage