ҚР-дағы 14 күндік карантин: блокбекеттер болмайды, жолаушылар тасымалы қысқарады

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан вице-премьері Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап елді-мекендер арасындағы қозғалыс тәртібін түсіндірді.
«Өңірлер арасындағы әуе хабарламасы бұрынғы деңгейде сақталады, қысқармайды және көбейтілмейді. Жолаушылар және темір жол тасымалының көлемі қысқарады. Автобустардың қалааралық тасымалы тоқтатылады. Өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге жол беріледі. Қоғамдық көлік қозғалысының уақыты шектеледі. Кіріп-шығу үшін анықтама қажет емес. Қалалар, өңірлер арасында блокбекеттер қойылмайды», - деді Тоғжанов бейсенбідегі брифингте.
Еске салсақ, 5 шілдеден бастап Қазақстанда коронавирус жағдайына байланысты 14 күнге шектеу шаралары күшейтіледі.

adimage