ҚР-да жетім балалар мен ҰОС ардагерлері «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша бірінші кезекте баспаналы болады

Күні: 14:16, 27-10-2014.

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстанда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша бірінші кезекте Ұлы Отан Соғысының (ҰОС) ардагерлері мен жетім балалар баспаналы болады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қаирбек Өскенбаев.
«Қолжетімді баспанаға» кезек күн санап артуда. Бұл заңда бірінші кезекте Ұлы Отан Соғысының ардагерлері жіберіледі. Және тұрғызылып жатқан баспананың   20% жетім балаларға берілсе, қалғаны жалпы тәртіптегі кезек бойынша жіберіледі», - деді Қ.Өсенбаев экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің  " Тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы жөніндегі отырыста.    
Ол мәлім еткендей, аталмыш заң жобасы аясында әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне тұрғын үй қатынастары саласында әкімшілік құқықбұзушылықтың жаңа құрамын енгізу жоспарлануда.  
«Заң жобасы аясында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу қарастырылған.  Кодекс тұрғын үй -коммуналдық саласы, кондоминиум нысандарын басқару органдарының әкімшілік жауапкершілігі бөлігіндегі құқық бұзушылықтың жаңа құрамдарымен толығады.   Әкімшілік істерді қарастыру, алғы шарттардың   және басқа да заңды талаптардың орындалмауы туралы хаттамаларды жасау бойынша өкілеттіктер де жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясына бекітіледі», - деп түсіндірді вице-министр.
Сонымен қатар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары туралы мәселелер бойынша түзетулер енгізу тұрғын үй қарым-қатынасы саласында әкімшілік құқықм бұзушылықтың жаңа құрамын енгізуді қарастырып отыр.  Сондай-ақ, мемлекеттік тұрғын үйді алуға үміткерлер тобын анықтау, кондоминимум нысанын басқару органдары  қызметінің  ашықтығын арттыру, мәні мен құқықтық жүктемесі жоқ декларативті сипаттағы қағидаларды болдыртпау үшін  «бюджеттік мекеме» ұғымы енгізіледі.
«Тұрғын үй қатынастыра туралы» заңға «бюджеттік мекеме» үғымы енгізіледі.  Бүгінгі таңда мекеме қызметкерлеріне жататын тұлғалар ҚР заңнамалық актілерінің бірде-бірінде көрсетілмеген.   Жыл сайын кезекте тұрғандар тізімін түгендеу барысында жергілікті атқарушы органдар растайтын құжаттарын сұрайды, ал оны азаматтардың аталмыш санаты көрсете алмайды.  
Заң жобасы аясында басқару органдары жұмысының ашықтығын арттыру үшін мыналар қарастырылған, кондоминиум нысандары меншік иелеріне тоқсан сайын электронды құжат немесе жазбаша түрде  ортақ мүлікті ұстау шығындары туралы есеп беру міндеттілігі, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және купондық жекешелендіруге қатысқан азаматтардың тұрғын үйін жекешелендіру тәртібін анықтау мақсатында техникалық регламенттер мен ұлттық стандарт нормаларының міндетті орындалуы бойынша талаптар белгілеу қарастырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: