Алматы. 17 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР-да жыл сайын психологиялық тұрғыдан науқас және ментальдық денсаулығында бұзушылығы бар 100 мыңға дейін адам тіркеледі, деп мәлімдеді Әлеуметтік жұмысшылар, мүгедектер және еріктілер қауымдастығының президенті Гүлнұр Хакімжанова.
«Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын психикалық аурулар және ментальды бұзушылықтар диагнозы алғаш рет анықталып отырған 100 мыңға дейін науқасты тіркейді. Бірақ диспансерлік есепте тек психикалық ауруы барлардың 2%-дайы ғана, яғни 400 мыңы ғана тұр. Ал олардың саны бізде бір миллиондай», - деді Хакімжанова сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол нақтылағандай, сондай науқастардың көбі мүгедектік рәсімдеу үшін жүгінбейді, олар әлеуметтік және заңды мәселелердің туындауынан қорқады.
Хәкімжанованың айтуынша, Қазақстанда мүгедектігі бар жандардың жалпы саны 674 мыңға жетеді.
«Қазақстанда барлығы 674 мың мүгедек жан бар, оның 62%-ы немесе 417 мыңы еңбек жасындағылар, мүгедектер, соның ішінде психикалық аурулар – 85 мың, ал ақыл - ойы бұзылғандар 3-4 есе көп. Себебі мүгедектікті анықтағанда, оларда күрделі бұзушылықтар болуы мүмкін, оны көру қабілеті бұзылған деп санауы мүмін, ал ақыл-ойының бұзылуы жасырын қалады», - деді қоғамшыл.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26