Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР ДСМ Мүгедектік тобы және (немесе) кәсіби еңбекке қабілеттілік деңгейінің дәрежесі қайта куаландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз анатомиялық ақаулар тізбесін кеңейту ұсынылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Тізбе мынадай аурулармен толықтырылады: балалардың ауыр дәрежедегі церебралдық параличі, екі көзінде де 3-4-дәрежедегі ашықбұрышты глаукома, екі көзінің де торқабығының тотальды ажырауы, көру жүйкесінің бастапқы және қайталама атрофиясы, тұқым қуалайтын нейро-бұлшықет аурулары, ауыр дәрежедегі миастения, Даун сырқаты, жүйелік склеродермияның ауыр ағымы, омыртқа ақауы анық байқалатын анкилоризденген спондилоартрит, аутизм және басқалар», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Мүгедектік тобы қайта куаландыру мерзімінсіз белгіленетін анатомиялық қайтымсыз ақаулардың тізбесін 49-дан 70 нозологияға дейін ұлғаятын болады.
«Тізбенің осы жобасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келісу және «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына енгізу үшін жіберілді. Бұдан басқа, ҚР ЕХӘҚМ әзірлейтін Мүмкіндіктері шектелген адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарының жобасына мүгедектіктің алын алу және ескерту бойынша ұсыныстар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 9 қазанда ҚР Үкіметінің «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мүгедектік тобы және (немесе) кәсіби еңбекке қабілеттілік деңгейінің дәрежесі қайта куаландыру мерзімінсіз белгіленетін қайтымсыз анатомиялық ақаулар тізбесін кеңейту бойынша бастама көтерген.
ҚР ДСМ Мүгедектік тобы және (немесе) кәсіби еңбекке қабілеттілік деңгейінің дәрежесі қайта куаландыру мерзімінсіз белгіленетін ҚАА тізбесін кеңейту ұсынылды
