Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Басқа әйелдермен бірге Ақорда мен үкіметке талабымен келген алты баланың анасы Асыл Ошақбаева ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің фойесінде Қазақстан билігі атаулы әлеуметтік көмек төлемінің форматын жаңартқалы бері әлеуметтік төлемнің айтарлықтай төмендеп кеткенін жеткізді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұрын мен Т146 мың алатынмын, ал қазір Т30 мыңға аз аламын, сөйтсем менің мемлекеттен әр балаға алатын Т64 мыңымды кіріс ретінде есептеген», - деді Ошақбаева дүйсенбіде.
Тағы бір әйел әлеуметтік төлемді заң нормаларына сәйкес шенеуніктердің көтере алмаймыз дегенін айтты.
«Олар айтады: «Заң солай, біз заңға қайшы ештеме жасай алмаймыз!». Көріп отырсыздар ғой, заң қарапайым халықтың мүддесін ойламайды! Неге заңды өзгертпейсіздер, негі оны әділ қылмайсыздар?! Тұрғын үйге кезекке тұру үшін отбасыңның барлық мүшелері үш жыл тіркелген болуы керек. Ал мені кім балаларыммен бірге үйіне тіркеуге тұрғызады? Мені үйлеріне тіркеуге тұрғызбақ түгілі, маған балаларымның барын білгенде пәтерлерін де жалға бермейді», - деді дүйсенбіде әйелдердің бірі.
Тұрғын үй кезегіне тұрғызу мәселесі билікке талаптарымен келгендердің басты сұрағы болды.
«Менің төрт балам бар. Тұрғын үй кезегіне қою үшін мені ХҚКО-тары арасында ары-бері сандалтып қойды, база жұмыс жасамайды дейді. Екі ай болды солай жүргеніме. Құжаттарды 2019 жылы жинадым, енді 2020 жыл болды және маған: «Сіздің құжаттарыңыз ескіріп қалған, 2020 жылға арналған анықтамалар пакеті керек» дейді, сөйтіп қайтадан басталды», - дейді Ақордаға келген Аякөз Оразбекқызы.
Бұған дейін хабарланғандай, көпбалалы аналар Нұр-Сұлтанда Ақорда мен үкіметке әлеуметтік төлеуді көтеру және тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты талаптарымен келген еді. Әйелдер АӘТ тағайындалуының жаңа форматына көңілдері толмайтындарын және әлеуметтік төлемдер инфляция үнемі көтеріліп жатқан жағдайда қажетті азық-түлік өнімдері мен ең басты қажеттілік заттарын алуға жеткіліксіз екенін жеткізді.
Кейін көпбалалы аналар ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктерімен кездесті. Олар атаулы әлеуметтік көмек көлеміне, жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтарға жауап бере келіп, мұның елдегі экономикалық жағдайдың төмендігімен байланысты екенін түсіндірді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26