ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мен бірінші вице-министрі тағайындалды

Күні: 18:47, 02-05-2019.

Астана. 2 мамыр. КазТАГ – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мен бірінші вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне, Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», - деп хабарлады дүйсенбі күні үкіметтен.
Жылқыбаев наурыздан бастап қазірге дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал оған дейін 2016 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың наурызы аралығында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған. Оның алдында президент әкімшілігінде жұмыс жасаған.
Сарбасов 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарды. Оның алдында әділет министрлігінде жұмыс жасаған.


Жаңалықтармен бөлісу: