ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда
40 жасар Ахметжан Пірімқұлов еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысының прокуратура маманы ретінде бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген. 2012–2016 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға орынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы қараша аралығында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

adimage