ҚР экс-мемлекеттік хатшысы Чехиядағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды

Күні: 11:02, 26-11-2019.

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – ҚР экс-мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Чехиядағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Бұған дейін 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Чехиядағы ҚР елшісі Сержан Әбдікәрімов болған еді, ол Әзірбайжандағы ҚР елшісі болып тағайындалды.
Еске салсақ, Марат Тәжин 2019 жылдың наурызында ҚР мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, ал қыркүйекте басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. ҚР мемлекеттік хатшысы қызметіне Қырымбек Көшербаев тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: