Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанның елтаңбасындағы «Қазақстан» сөзі «Qazaqstan» латын графикасына өзгертілді, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметінен.
«Стандарттың барлық мәтіні бойынша «Қазақстан» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде, сондай-ақ ΔE түстер диапазонына рұқсат ету бөлігінде ұлттық стандартқа өзгеріс енгізілді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» деп тіркелген».
Бұдан басқа, Мемлекеттік Елтаңбаның элементтері мен тарихи сипаттамасының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы авторы Жандарбек Мәлібеков әзірлеген құрастыру құжаттамасының әдістемелік нұсқаулығына сілтеме енгізілді.
Өзгеріс «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Жұмыс тобымен әзірленген.
ҚР елтаңбасындағы «Қазақстан» сөзі «Qazaqstan» латын графикасына көшті
