ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

Астана. 22 тамыз. ҚазТАГ - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің  төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, Рустам Ахметов Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов тиісті бұйрыққа қол қойды.
Рустам Ахметов Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметте 1999 жылдан бері жұмыс істейді.     
Әр жылдарда Парламент Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.
Соңғы қызметі – Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
Министрліктің құрылымында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.
Анықтама: Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен «Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ оны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті» РММ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті» РММ және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» РММ бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

adimage