ҚР ИИДМ БҰҰ қару жеткізу эмбаргосының бұзылуы туралы: ұшақтар шетелдік фирмаларға тиесілі

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Біріккен Ұлттар ұйымының қару жеткізу эмбаргосының бұзылуына қатысты жағдайға түсінік бере келе БҰҰ талаптарын бұзған ұшақтардың шетел фирмаларына тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ағымдағы жылдың ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларының бұзылуы бойынша хаттарды ұсынды.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, БҰҰ ҚК эмбаргосын Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен бұзған үш әуе компания бойынша жұмыстар жүргізді ("Azee Air" ЖШС, "Sigma Airlines" ЖШС, "Jenis Air" ЖШС).
Осы пайдаланушылардың әуе кемелерінің меншік иелері Біріккен Араб Әмірліктерінде («AGANYA LTD») және Британдық Виргин аралдарында («Infinitive Seal Inc.») тіркелген шетелдік компаниялар», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
ИИДМ мәлімдегендей, «аталған әуе кемелерін пайдаланушылардың әуе кемелері Таяу Шығыс аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылды».
«Әуе кемелерінің негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші елдердің аумағынан жүзеге асырылды. Халықаралық практикаға сәйкес шетелде қалыптастырылған тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы мемлекет, яғни Қазақстан тарапы бақыламайды, керісінше ұшулар жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары бақылайды», - делінген хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, Қазақстан Республикасы заңнамасының, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бас директорының 2020 жылғы 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес азаматтық әуе кемелерінің аталған үш әуе компанияның пайдаланушысы сертификатын, оның ішінде "Sigma Airlines" ЖШС пайдаланушы сертификатының қолданылуын уақытша тоқтатылды.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2020 жылғы 5 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ливия жөніндегі комитетінің жеткізілімге эмбаргосының бұзылуына қатысты баяндамасын ұсынды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің баяндамасында тергеу барысындағы қазақстандық билік пен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ашықтығы мен ынтымақтастығы үшін БҰҰ сарапшылар тобының алғысы атап өтілді», - деді ИИДМ-нен.

adimage