ҚР ИИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – Қанат Байытов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Құрмашұлы Байытов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Баитов 2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды, 2014–2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған. 2011–2014 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы болған.

adimage