Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – ҚР Ішкі істер министрлігі Арыстың із-түссіз жоғалған 350 түрғыны туралы ақпарды теріске шығарды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында жарылыс болған күні 350 адам жоғалып кеткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Аталмыш ақпарат жарылыс болған күні-ақ тараған болатын. Сол күні-ақ бұл ақпарат теріске шығарылды. Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау және олардың кім екенін анықтау бойынша барлық тиісті шараларды жүргізді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ведомство тұрғындарды «әлеуметтік желілер арқылы және WhatsApp желісі бойынша таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауды» сұрайды
Министрлік қасақана жалған ақпарат таратқандар ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
«Ресми ақпаратты арнайы құрылған жедел штаб тұрақты түрде таратып отыр. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс жасайтындығын еске саламыз. Тәулік бойы 8/7252/44-94-72 немесе 8/7252/35-33-66 телефон нөмірі бойынша қажетті ақпаратты ала аласыздар», - деді ҚР ІІМ-нен.
Бұған дейін «ҚазТАГ» ХАА қазақстандық БАҚ Арыстың із-түссіз жоғалған 350 тұрғыны туралы хабарды жаппай өшіріп жатқандары туралы ақпар таратқан еді.
Атап өтелік, ҚазТАГ-та Арыстың із-түссіз жоғалған 350 тұрғыны туралы хабар жарияланғаннан кейін, оған дейін оны өшірген сайттар материалдарын қайта орналастырған.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті. 26 маусымда Түркістан облысының әкімдігі әскерилердеің 16 көшеден 70 жарылмаған снарядтты жинағанын, әлі де көбінің үйерде жатқанын айтты.
Соңғы ақпар бойынша, 70 адам медициналық көмекке жүгінген, 45-і ауруханаға жатқызылған, үш адам көз жұмған.
.
ҚР ІІМ Арыстың із-түссіз жоғалған 350 түрғыны туралы ақпарды теріске шығарды
