ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бас прокуратура жоспардан тыс тексеріс бастады

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бас прокуратура жоспардан тыс тексеріс бастады, деп хабарлады бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Qamqor ақпараттық сервисінен.
«Тексеру нысаны – «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» мемлекеттік мекемесі», - делінген белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков сілтеме жасаған құжатта.
Тексеру жоспардан тыс болып табылады және 5 қазан - 3 қараша аралығында жүргізіледі. Тексерісті тағайындаған орган – бас прокуратура.
«Тексеру жүргізу мәселесі (және тексеру пәні – ҚазТАГ): Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №547 бұйрығы. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде 2015 жылдың 30 қазанында №12221 нөмірі бойынша тіркелген», - делінген құжатта.

adimage