Астана. 12 қараша. ҚазТАГ - ҚР Қарулы Күштер Бас штаб бастығының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 1-дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы Борамбаев тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Борамбаев әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, 2019 жылдың шілдесіне дейін Борамбаев ҚР қорғаныс министрлігінің ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34