ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль көлігінде бақылау басқармасының бастығы Болат СМАҒҰЛОВ: КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНАДЫ

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Биылғы жылы техникалық тексеру жекеменшік техникалық қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Техникалық тексерудің қалай жүріп жатқандығы және қандай жаңашылдықтар ұсынылғандығы жөнінде агенттікке ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылау комитеті автомобиль көлігінде бақылау басқармасының бастығы Болат Смағұлов әңгімеледі.

 

- Ағымдағы жылы қанша автокөлік бірінші техникалық тексеруден өткен жоқ, қанша көлік ТТ бірінші, екінші және бірнеше реттен кейін өтуде?

 

- Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша техникалық бақылаудың 529 желісі әрекет ететін 250 техникалық қызмет көрсету орталығы (ТҚО) жұмысының ұйымдастырылғандығынан бастасақ. Ағымдағы жылдың басынан бастап, 5 қыркүйектегі жағдай бойынша бізде техникалық тексеруден шамамен 970 мың көлік құралы өтті. Олардың ішіндегі 90 мыңға жуығы., яғни жалпы техникалық тексеруден өткендер санының 10% бірінші тексеруден өте алған жоқ.

Бұнымен қатар, айта кету керек, бүгінгі таңда қайталау бойынша бізде есеп жүргізілмейді, себебі барлық ТТО-да «Техникалық тексеру» бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілген, ол автоматты режимде барлық техникалық тексеру нәтижелерінің есебін жүргізеді. Бүгінгі таңда барлық ТТО-мен бұл жүйеге жылдың басынан бастап техникалық тексеруден өткен көлік құралдары жайлы мәліметтер енгізіледі. Бұл жұмысты біз қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы мәліметтердің барлығы жүйеге енгізілгеннен кейін біз қандай автокөліктің ТТ-ден бірінші, екінші немесе үшінші реттен өтіп тұрғандығы жайлы ақпаратқа ие боламыз.

 

Бірінші ретте техникалық тексеруден өтпегендермен не болады? ТТ құнын қайталап төлеу керек пе?

 

- Иә, бізде техникалық тексеруді өткізудің бекітілген ережелері бар, онда өткізілген техникалық тексеру нәтижесінде қандай да бір ақаулар анықталып жатса, онда техникалық тексеру өтілмеген деп саналады. Осы жағдайда көлік иесіне ақаулар тізімі көрсетілген диагностикалық қарта беріледі. Көлік құралының иесі ақауларды жойып, одан кейін қайтадан техникалық тексеруден өту үшін ТТО-ға келуі керек. Бұл жағдайда екінші мәрте техникалық тексеру бірінші рет өтпей қалған параметрлер бойынша ғана өткізіледі.

10 күн ішінде ол ақауларды жойып, бұрынғы ақаулы критерийлер бойынша ғана қайталап өтуі керек. Тек сол позициялар бойынша ақы төленеді.

 

 - Бұрын оң рөлді автокөлік иелері техникалық тексеруден өту үшін жарық түсіргіштерін ретке келтірулері керек деп айтылған болатын. Осы ереже қашан қолданылады?

 

- Бұл проблема бізде әлі өзекті болып келеді. Бізде оң жақты қозғалыс және сондықтан оң рөлді автокөліктердің жарық түсіруі талаптарға сай келмейді. Кейбір оң рөлді автокөліктердің модельдері барша жұрт пайдаланатын жол бойынша түнгі уақытта  қозғалғанда, апаттық жағдай туғызып, қарсы келе жатқан көлікке жарық түсіреді. Қазіргі уақытта бұл проблеманы техникалық жағынан шешу бойынша мәселе қарастырылуда. Оның қалай шешілетіндігі жөнінде біз оң рөлді автокөлік иелерінің барлығана жеткізетін боламыз. Бірақ, оларды пайдалануға тыйым салу туралы мәселе қозғалған емес.

 

- Бұл биылғы жылы іске асады ма?

 

- Иә, олар тексеруден әдеттегідей өтеді, бірақ диагностикалық қартада аталмыш көлік құралы МемСТ-ға сай келмейді деп белгіленеді. Дегенмен олар техникалық тексеруден өтіп, сәйкесінше куәлік алады. Яғни, бұл мәселеде министрлік қарсы шықпай, қол ұшын берді.

 

- Аталмыш ереже қашан енгізілуі мүмкін?

 

- Аталмыш мәселе бойынша осы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін боламыз, және келесі жылы сол бойынша қандай-да бір нәтиже болатын шығар.

 

- Қазақстанда 400 мыңнан астам оң рөлді автокөлік бар делінеді?

 

- Иә, шамамен осынша көлемде.

 

- Олар жарық түсіргіштерін өз қаржыларына ретке келтіруі керек пе?

 

- Әрине.

 

- Министрлікпен ТТ орталықтарымен қарастырылған бағадан жоғары бағаға ТТ-ден «сырттай» өту фактілері белгіленді ме? Осындай мүмкіндіктің болмайтындығы жөнінде айтуға болады ма?

  

- Техникалық тексерудің осындай «сырттай» анық фактілері автокөлік құралының өзінің жағдайын тексермейінше бізбен әлі анықталған жоқ, бірақ осындай болса біз оларды жоспарлы тексеру барысында анықтаймыз. Себебі, ТТО-да орналасқан диагностикалық құрылғы сынақтар хаттамасында автоматты режимде мәліметтерді қалыптастырады және автоматты түрде компьютерде сақталынады, яғни оны сол жерден өшіруге келмейді. Бұл мәселе біз үшін өзекті. Бүгінгі таңда біз барлық техникалық тексеру жүргізу  үрдісіне міндетті түрде бейнетүсірілім жүргізу және осы мәліметтерді 6 ай мерзімге сақтау туралы заңнамалық өзгерістер енгізудеміз. Бұл ереже 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп күтілуде. Бұл бейнетүсірілім жүргізіп, осы бейнефайлдарды сақтау үшін барлық техникалық тексеру орталықтары үшін міндетті ереже болады.

 

- Бұл техникалық тексерудің өзінің қымбаттауына ықпал етпей ме? Оларға бейнекамералар қою керек болады ғой...

 

- Иә, Қазір бұл мәселе қарастырылуда және орталықтардың жартысынан көбінде бейнекамералар орналастырды. Бүгінде бағалар бойынша талдау жүргізілуде, бірақ құндары бойынша үлкен айырмашылық жоқ.  Біз барлық ТТО иелерімен және көлік құралдары иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бұның барлығы техникалық тексеруден «сырттай» өту фактілерін болдырмас үшін техникалық тексеруден объективті, әділ өтуге бағытталғандығын айтып түсіндіреміз.

Бүгінгі таңда бізбен ТТО-да жүргізушілердің орталықтардың жұмысына шағымдары бойынша тексерулер жүргізілуде. Біз осы тексерулердің барысында техникалық тексеру өткізу кестесінің бұзылу фактілерін анықтадық. Кейбір орталықтар ақауы бар көлік құралдарына куәліктер берген. Бүгінгі таңда бізбен осындай 19 факт анықталды. Барлық техникалық тексеру орталықтарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал техникалық тексерудің 5 орталығына қатысты оларды реестрден шығару бойынша шаралар қабылданды, яғни олар жүйелі түрде ережелер бұзғаны үшін жабылды.

 

- Сіз техникалық тексеруді алып тастауды жоққа шығармайысыз ба, себебі әрекет ететін жеңіл автокөліктер паркінің жартысынан көбі 10 жыл бұрын Грузия, Қырғызстан және басқа елдерге қарап шығарылған?

 

- Шынымен де, Қазақстандағы көлік құралдарының 70% астамының мерзімі 7 жылдан асқан, ал 500 мыңнан астам автокөліктің пайдалану мерзімі тіпті 20 жылдан асқан. Көліктің шыққан жылы мен меншік формасына қарамастан, олар жалпыға ортақ жолдарда пайдаланылады және оның техникалық жағдайы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Біздің ойымызша, техникалық жағдайға тұрақты түрде сапалы бақылау жүргізіп отыру қажет.

Барлық дамыған елдерде техникалық тексеру мезгіл-мезгілімен жүргізіліп тұрады және Кедендік одақ елдерінде де техникалық тексеру сақталған. Грузияға келетін болсақ, біздің ақпарат бойынша жеңіл автокөліктер үшін техникалық тексеру 2012 жылдан бастап техникалық тексеруден өтудің оңтайлы жүйесін әзірлеп, енгізгенге дейін уақытша тоқтатылды, тыйым салынған жоқ. Ал Қырғызстанда жеңіл автокөліктерді техникалық тексеру ағымдағы жылдан бастап ерікті түрде өтіп жатыр. Және де біздің мәліметтер бойынша, оларда техникалық тексеру өткізудің және ұйымдастырудың жаңа тәртібі әзірленуде. Барлық мемлекеттерде техникалық тексеру бар, тіпті Америкада, сондықтан біздің ойымызша техникалық тексеруге, яғни жеңіл автокөліктерді алдын ала тексеруге тыйым салуға болмайды.

 

- Жаңа автокөліктерді ТТ-ден жеңілдікпен өткізу жоспарланбайды ма, бұл осы жолы бірден жаңа автокөлікті немесе «жаңа» шетел маркалы көлікті алуды ойланып жүргендерді қосымша ынталандыру үшін қажет болар?

 

- Иә, біз бұл мәселені қарастырудамыз. Бүгінгі таңда жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы заңнамаға өзгерістер енгізілуде. Бізде көлік құралын техникалық тексеруден өту туралы куәліксіз пайдалануға болмайды деген ереже бар. Біз қазір оған толықтырулар мен өзгерістер енгізудеміз, атап айтсақ жаңа автокөліктерді 3 жылға дейін техникалық тексеруден босату туралы бөлігіне. Яғни, ол былай да жаңа көлік және оған алғашқы 3 жылда техникалық тексеру жүргізіп қажет емес. Біз осындай ережені ІІМ-мен әзірленген жол қозғалысы туралы заң жобасына енгіземіз.

 

- Бүгінгі таңда жаңа автокөлікті сатып алғанда, бәрібір қозғалтқыш пен кузовтың нөмірлерін тексеріп, есепке тұрғызу қажет...

 

- Иә. Бүгінгі таңда бұл талаптар міндетті және бұл заңның 21 бабына сәйкес, сізде жаңа көлік болса да, куәліксіз көлікті пайдалунуға тыйым салынады. Сіз техникалық тексеруден өтіп, куәлік алуыңыз керек.

 

- Алғашқы 3 жыл пайдаланғаннан кейін техникалық тексеру екі жылда бір рет және одан кейін жыл сайын өткізіледі ме?

 

- Бізде барлығы бұрынғыдай қалды.

  

-ТТ өту мерзімінде қандай да бір өзгерістер болды ма?

 

- Біз ТТ жүргізу мерзімділігіне үкімет қаулысымен өзгерістер енгіздік – техникалық тексеру мерзімі 6 айға ауыстырылды. Бірақ, ол тек пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан 2011жылдың мамыр қыркүйек айларында өткен автокөліктерге қатысты. Яғни, ол 2011 жылдың  мамыр айында техникалық тексеруден өтсе, келесі техникалық тексеруден 2012 жылғы қыркүйекте өте алады. Бірақ, бұл шара 7 жылға дейінгі мерзімде пайдаланылған автокөліктерге қатысты болмайды. Машиналардың көп бөлігі бізде 7 жылдан астам мерзімімен, бұндай машиналар саны 2 млн асады, сондықтан біз техникалық тексерудің жеңілдігі бар режимін ұсындық. Жүк автокөліктері, автобустар және таксилерге бұл ереженің қатысты жоқ. Аталмыш ереже 2012 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді және  2013 жылғы 1 сәуірге дейін әрекет етеді. Осы уақытқа дейін 7 жылдан астам уақыт пайдаланылған барлық машиналар 6 айға ауыстырылу арқылы техникалық тексеруден өте алады.

Келесі жылы барлығы бұрынғыдай болады -  өткен қаулының ережесі әрекет етеді.

 

Статистика бойынша бізде 3,5 млн астам автокөлік бар, ал техникалық тексеруден тек 1 млн жуығы өтті. Қалғандары тексеруден өтуге үлгермеуі мүмкін бе?

 

- Жоқ. Бүгінгі таңда біз техникалық тексеру орталықтарын жеткілікті етіп ұйымдастырдық. Біздің ойымызша, 2013 жылдың қаңтар-сәуіріне дейін пайдаланудағы барлық көлік техникалық тексеруден өтеді. МАИ органдарында 3,5 млн автокөік тіркелген. Олардың барлығы техникалық тексеруден өте алмай отыр. Олардың кейбіреуі гараждарда, жүрмей тұр, сондықтан біздің ойымызша жолдарда жүрген барлық машиналар тиісті мерзімде техникалық тексеруден өтеді. Жылдың соңында ешқандай толқу болмайды.

 

- Техникалық тексеру ІІМ-нен бәсекелестік ортаға тапсырылды. Мысалы, бұрын Астанада бір орталық бүкіл қалаға қызмет көрсетіп үлгерді және техникалық тексеру шамамен бір мың теңге тұрды. Енді орталықтардың саны бірнешеу және бағасы да бірнеше есеге өсіп, ТТ өткізудің жылдамдығы жоғалды...

 

- Қазір Астанада бірнеше техникалық тексеру орталығы жұмыс істейді. Техникалық тексерудің бағасы 2-3 мың теңгені құрайды. Мен не айта аламын? Бұл бәсекелестік орта. Біз бағаның құбылатындығын білдік. Біз оларды реттей алмаймыз. Бір айта кетерлігі, бағаның тым төмендеп немесе жоғарылағаны жайлы фактілер анықталатын болса, онда бұл мәселелерді монополияға қарсы агенттік тексеретін болады. Және жоспарлы тексерулер барысында біздің көліктік бақылаудың аймақтық органдары техникалық тексерудің бағасына назар аударады. Әр техникалық тексеру орталығындағы стендте тариф белгіленген. Онда барлығы – қандай көлік құралының түрі үшін қандай баға екендігі анық көрсетілген.

Біздің ойымызша, уақыт өте келе бәсекелестік жеңеді және барлық техникалық тексеруден өткізу құны тұрақтанып, барлығы үшін белгіленген бір ставка болады. Бүгінгі таңда олар әртүрлі болып келеді. Техникалық тексерудің ең арзан ставкалары Шымкентте, ең қымбаты Қазақстанның батыс облыстарында.

 

- Келесі жылы ТТ өту бағасы осы деңгейде қалады ма әлде өседі ме?

 

- Бұл бірінші жыл. Техникалық тексеру орталықтары құрал-жабдықтарды алды, ғимараттарын жабдықтады. Қазір біз техникалық бақылау орталықтарына жаңа стандарт орнаттық. Біз орталықтар санын көбейтуге талпынып, техникалық тексеру жүргізу сапасын жоғалтпау және сәйкес ғимарат пен құралдардың болуы үшін талаптарды қатайттық. Бұл стандарт 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бүгінгі таңда ТТО осы стандарттарға сай етіп өз ғимараттары мен құрал-жабдығын келтіреді. Аталмыш стандарттарға сай келмейтін орталықтар жабылады. Бірақ, өздеріңіз түсінесіздер, бұл нарық субъектілері үшін шығын болып табылады. Олар жаңа құрылғылар алады, ғимараттар салады. Олардың өз салымдарын ақтағысы келетіндігі анық, сондықтан олар осындай бағаны ұстап тұрады. Осыдан кейін бұндай сұрақтар туындайды. Менің ойымша, барлық орталықтар бір стандартқа келетіндіктен, бағалар келесі жылдың соңында тұрақтайды.  

 

- Сұхбатыңызға рахмет!     


adimage