ҚР көмір экспорты бірінші жартыжылдықта 2% өсті, алайда жыл қорытындысы бойынша 9% төмендеуі мүмкін

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. ҚР көмір экспорты бірінші жартыжылдықта 2% өсті, алайда жыл қорытындысы бойынша 9% төмендеуі мүмкін, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен ҚазТАГ ХАА ресми сауалына.
«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорт көлемі 13,3 млн тоннаны құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен (13 млн тонна) салыстырғанда 2,3% жоғары», - деп мәлім етті сауалға жауап берген вице-министр Аманияз Ержанов.
Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ИИДМ болжамы көңіл көншітерлік емес.
«2019 жылы көмір өндірісінің күтіліп отырған көлемі 107,1 млн тонна көлемінде болады деп болжануда», - делінген жауапта.
Ресми статақпар бойынша 2018 жылы 117,8 млн тонна көмір (2017 жылғыдан +4,9%) өндірілгенін ескерсек, 2019 жылы көмір өндірісі 9% төмендеу мүмкін.
«Өндірілген көмірден экспорт көлемі шамамен 27% құрайды», - деді Ержанов.
ИИДМ-де атап өткендей, экспортқа шығарылатын көмір бағасы коммерциялық болып табылады жән ол жеткізуші мен көмірді тұтынушы арасындағы тікелей шартпен белгіленеді.

adimage