ҚР кәсіподақ федерациясы халықаралық конфедерация құрылымдарын өрескел бұзушылық жіберді деп айыптады

Күні: 16:27, 10-12-2018.

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – ХКК құрылымдары ҚРКФ-тың мүшелігін тоқтату туралы шараларды қолдануда өрескел бұзушылықтарға жол берді, деп хабарлады қазақстандық федерацияның баспасөз қызметінен.
«ҚРКФ ХКК құрылымдары ХКК Жарғысындағы үрдістерді сақтамай, Федерацияның кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында өткізетін жұмыстарын ескерусіз қалдырып, ҚРКФ-тың мүшелігін тоқтату туралы шараларды қолданғанын атап көрсетеді. ҚР Кәсіподақтар федерациясы осындай іс-әрекеттерді дұрыс емес деп есептейді, себебі ХКК-те мүшелікті тоқтату үрдісі ХКК Жарғысының өрескел түрде бұзылуымен өткізілді», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
ҚРКФ мәлімдегендей, ХКК Жарғысының IV (а, b) бабына сәйкес мүшелікті тоқтату туралы шешім ХКК Бас кеңесінің құзыретіне кіреді, ал шығару туралы шешімді ХКК Конгресі қабылдайды.
«Бас кеңес немесе Конгресс қазіргі Жарғыға немесе ХКК мүддесіне кереғар деп санайтын іс-әрекеттер мүшелікті тоқтату немесе шығаруға негіз болып табылады. Шешім қабылдаудың алдында айыптаулар тыңдалады. Бас кеңес осындай тыңдалымдар үрдісін анықтайды», - деді федерациядан.
Шешім ҚРКФ хабарлағандай, «Бас кеңес мүшелерінің немесе Конгресс делегаттарының төрттен үш дауыстарының көпшілігімен қабылданады».
«Дегенмен, ХКК Жарғысының осы талаптары өрескел бұзылды, осы мәселеге қатысты Бас кеңестің отырысы өткізілмеді, Бас кеңес анықтаған үрдіс бойынша тыңдалымдар тағайындалмады және шешімді Бас кеңес емес, Жарғыға қарсы Мандаттық комиссия мүшелері қабылдады», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, осы мәселе бойынша конгресс делегаттары дауыс бермеген.
«Аталмыш үрдістің Жарғыға және парасатты пайымға қарама-қайшы өткенін ескере отырып, ҚРКФ делегациясы Копенгагендегі жұмысын жасанды түрде шектелген шамада жалғастырды. Осы уақытта ҚРКФ БАҚ және әлеуметтік желілерде үйлестірілген және жоспарланған негізсіз ақпараттық шабуылдарға тап болды. Бұл іс-әрекеттерге ХКК жеке функционерлері тікелей қатысты», - деп мәлімдеді федерациядан.
ҚРКФ атқарылған жұмыстарды, сондай-ақ, Конгресс барысында жіберілген өрескел үрдістік қателіктерді ескере отырып, ХКК-тың ҚРКФ мүшелігін тоқтату туралы шешімі әділетсіз екендігіне және саяси мәнге ие екендігіне сенімді.
«Туындаған жағдайлардың бірмәнді еместігіне қарамастан, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстанда демократиялық кәсіподақтар қозғалысын жаңғырту және дамытуға қатысты белсенді жұмыстарын жалғастыруда және әрі қарай құрылымды диалогтың құрылуына және ойға салынған шешімнің шығарылуына үміт білдіреді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Ресейдің «Солидарность» орталық кәсіподақ басылымы ҚРКФ делегаттары ХКК IV конгресі барысында өз өкілеттіктерін қолдана алмайды-мыс деген хабар таратқан еді.
«Конгресс қатысушылары аталмыш шешімді 3 желтоқсанда қабылдаған. ҚРКФ делегаттары «толықтай тәуелсіздіктерін жоғалтауына» байланысты мандаттарынан айырылған», - делінген хабарда.
ХКК IV конгресі Дания астанасы Копенгагенде 2-7 желтоқсан аралығында өтуде.
7 желтоқсанда ҚРКФ ҚазТАГ агенттігіне жағдайға түсінік бере отырып, Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясы (ҚРКФ) Даниядағы Халықаралық кәсіподақ конфедерациясының IV конгресінде өз делегаттарының мандаттарынан айырылғандығы туралы ақпаратқа келіспеушілік білдіретінн айтқан болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: