Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның Қарулы күштерінде қорытынды тексеріс басталды, ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Қарулы Күштерінде қорытынды тексеру басталды 2018 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде қорытынды тексеру басталды. Ол бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің деңгейін бағалау үшін түрлер, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында өткізілуде», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Негізгі мақсаты жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының шынайы деңгейін, бөлімшелердің қысқа мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін тексеру, сондай-ақ оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігінің деңгейін бағалау болып табылады. Қорғаныс министрлігі арнайы кешенді комиссия құрды.
«Қорытынды тексеріс үш кезеңде өткізіледі. Тексеріске штаттық жауынгерлік техникамен жауынгерлік оқ атулар мен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізе отырып, түрлер, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың, батальондардың (дивизиондардың) барлық басқармалары, взводтар, роталар (батареялар) мен оларға теңестірілгендер тартылды. Оқыту пәндері бойынша сабақтар бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтуде», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Тексерілетін пәндердің қатарында атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық даярлық. Комиссия сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу бойынша лауазымды адамдардың жұмысының ұйымдастырылу жүйесін, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін тексереді. Әр әскери қызметшіге жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге, практика жүзінде емтихандар тапсыруға тура келеді.
.
Қатысты сілтемелер
-
Илон Маск Қазақстанға мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға көмек ұсынды
6 Ақпан 2025, 18:10 -
Абай облысында облыстық автожолдарды күтіп ұстауға Т8,5 млрд жұмсамақ
6 Ақпан 2025, 16:25