ҚР халқының жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы қыркүйекте Т103 865 құрады

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан халқының жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың қыркүйегінде Т103 865 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 9,7% -ға өсті, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Аталған кезеңдегі нақты ақшалай кіріс статистика комитетінің ақпарынша, 4,2% өскен.
Сонымен қатар, статақпарға сәйкес, халықтың атаулы ақшалай кірісі құрылымында 2019 жылдың қыркүйегінде жалдамалы жұмыстан түскен кіріс 71%, жеке кәсіпкерлік қызметтен – 10,5%, әлеуметтік трансферт түрінен – 17,6% және басқа да ақшалай кіріс – 0,9% құраған.

adimage