Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – ҚР өкілі ТМД пенитенциарлық қызмет басшылары кеңесінің қосарлас төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен.
«Дауыс беру арқылы ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбекұлын кеңес мүшелері (ТМД мүше-мемлекеттерінің пенитенциарлық қызмет басшылары –ҚазТАГ) ТМД пенитенциарлық қызмет басшылары кеңесінің қосарлас төрағасы етіп тағайындады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Дауыс беру Нұр-Сұлтанда кеңестің IV отырысында өтті.
ҚР өкілі ТМД пенитенциарлық қызмет басшылары кеңесінің қосарлас төрағасы болып тағайындалды
