ҚР Үкіметі 2019 жылға дейін жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарының жобасын талқылады

Күні: 19:02, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспарының жобасы үкімет отырысында талқыланды, деп көрсетілген ҚР премьер-министрінің сайтындағы хабарда.  
«ҚР премьер-министрі   Кәрім Мәсімов ҚР үкіметінің кезекті отырысын өткізді, отырыс барысында инвестиция және даму жөніндегі вице-министр Альберт Рау жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын таныстырды», - делінген сейсенбіде жарияланған хабарда.  
«Саланың даму динамикасы оң. 2014 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша қолданыстағы бағаларда жеңіл өнеркәсіпте өнім өндірісінің көлемі 46 млрд. теңгеден асты.   Былғары өндірісі 3,5 есе  артты. ҮИИД МБ аясында (үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы - ҚазТАГ) жеңіл өнеркәсіп саласында ағымдағы жылы 14 жоба іске асырылды, өнімнің жаңа түрлерін өндіру игерілді. Кейбір бағыттар бойынша құлдырау бар, дегенмен жоспарлы көрсеткіштерге шығамыз деген ойдамыз», - деп келтірілген А.Рау-дың сөздері.

Кешенді жоспардың басты мақсаты - өндірісті арттыру, елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету, шикізат өндірісін арттыру, сондай-ақ кәсіпорынды жаңарту, қолдау көрсету және дағдарыс алдында сауықтыру.  
Кешенді жоспар барлық меморгандармен келісілген және министрдің бұйрығымен қабылданатын болады.  


Жаңалықтармен бөлісу: