ҚР үкіметі смартфон арқылы ең көп алынатын мемқызмет бестігін атады

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. ҚР үкіметі смартфон арқылы ең көп алынатын мемлекеттік қызмет бестігін атады.
«Олар соттылығының бар/жоқтығы, жылжымайтын мүлкі туралы, салықтық берешегі туралы анықтамалар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлын тексеру сервисі мен зейнетақы жинағы туралы ақпарат ұсыну секілді автоматтандырылған анықтамалар», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сонда барлығы, оның айтуынша, мобильді телефонға қондырылған eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы мемқызмет пен сервистің 28 түрін алуға болады. «Тек соңғы айда жаңартылған eGov mobile мобильді қосымшасын 205 мыңнан астам қазақстандық қолданған. Егер бұрын азаматтардың көбі қызметтерді egov.kz электронды үкімет порталының көмегімен алған болса, онда қазір телеграм-бот арқылы EgovKzBot2.0, ВКонтакте, Facebook әлеуметтік желілері мен eGov mobile жаңартылған мобильді қосымшасы арқылы қызмет алушылар саны артуда. Бүгінгі таңда мобильді азаматтар базасында 7,6 млн. астам адам тіркелген», - деді Балташева.
Сонымен қатар, ол халықтың цифрлық сауаттылығының артқанын атап өтті. Сонымен ағымдағы жылдың он айында халыққа қызмет көрсету орталықтарында алынған мемқызмет саны 4,1 млн. төмендеген, ал өз беттерімен алған электронды қызмет түрлерінің саны 3,7 млн. артқан.
ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің есебінше, ҚР халқының цифрлық сауаттылығы келесі жылы 80%-ға өседі.

adimage