ҚР әлеуметтік даму министрі оңтүстік қазақстандықтарға еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі туралы айтып берді

Шымкент. 17 қараша. ҚазТАГ – ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына  еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін түсіндірді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«ҚР әлеуметтік даму министрі оңтүстік қазақстандықтарға еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі туралы айтып берді. Тамара Дуйсенова өңірдегі кәсіпорын басшыларымен және қызметкерлерімен кездесті», - делінген сейсенбіде таратылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарында.  
Хабарда айтылғандай, министр жаңа үлгі бойынша жалақыларын 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап алатынын айтты.  
«Жаңа жылдан бастап енгізілетін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген. Бірінші санатқа басқарушы персонал кіреді. Әдетте ондай мамандар мекеменің даму стратегиясына жауап береді және басқарушылық шешімдер қабылдайды. Екінші санатқа компанияның негізгі қызметтерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін негізгі қызметкерлер кіреді», - деп түсіндірді министр.
«Үшінші санатқа әкімшілік персонал кіреді, олар әкімшілік-құқықтық және шаруашылық қызметтерді атқарады. Соңғы санатқа қосымша персонал кіреді, олар қосымша және техниклық қызметтерді атқарады», - деп толықтырды ол.  
Т.Дүйсенованың айтуынша, еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлер жалақысының сараланып арттырылуы күтіледі: - денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін, өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін.

adimage