ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко: ҰЛТТЫҚ БАНК ТАЗАРТЫЛҒАН СОМ АЛТЫНДЫ САТЫП АЛУДА ҮКІМЕТТІҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУДА

 

Астана. 24 тамыз. ҚазТАГ – Қымбат металлдар мен құрамында қымбат металлдары бар шикізат тауарларын сыртқа шығару және сырттан әкелуге мемлекеттік бақылау орнату туралы жарлықтың қабылдануы алтын өндірушілерде айтарлықтай алаңдаушылық тудырып, құрамында алтыны бар қорытпаларды Қазақстаннан тыс жаққа шығарып сату сұлбасына өзгерістер енгізуді қажет етті. Саладағы ағымдағы қазіргі жағдай және оны дамыту перспективасы, алтынның республика экономикасындағы рөлі туралы сауалдарды ҚазТАГ ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченкоға және тау-кенөндіруші  және тау-кенметаллургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының (ТКМҚ) атқарушы директоры Николай Радостовецке жолдаған еді.

 

Анықтама:Мемлекет басшысы 21 шілдеде №120-шы жарлыққа қол қойды. Ол бойынша қымбат металлдар мен құрамында қымбат металлдары бар шикізат тауарларын сыртқа шығару және сырттан әкелуге мемлекеттік бақылау орнату енгізілді, ал Ұлттық банкке жекелеген қосымша функция берілді. Атап айтқанда, ҚР ҰБ «ҚР Ұлттық банкінің алтынвалюталық  активтерін толықтыру үшін тазартылған сом алтынды сатып алуда үкіметтің басым құқығын іске асыру туралы шешім қабылдайтын», «екінші деңгейдегі банктердің тазартылған сом алтын және сом күміспен экспорттық операцияларына бақылау орнататын» болады.    

 

 - Николай Владимирович, алтын нарығының коньюктурасы мен оның қазіргі экономикадағы рөлі туралы не дер едіңіз? Сіз келешекте алтынның рөлі арта түседі деген пікірді қолдайсыз ба?

 

- Әлем экономикасындағы соңғы оқиғаларға қарасақ, алтын өзінің инвестициялық тартымдылығын тағы дәлелдеді. Инвесторлардың мемлекеттік облигацияларды сатып алуға қызығушылығы төмендеп, өздерінің валюталық резервтерін мейлінше әртараптандыруға ұмтылғанда, алтын қандай да экономикалық және саяси сілкіністерге қарамай тұрақты өсім беретін зәкір болып қала бермек. Күннен-күнге алтын бағасы көтеріліп, қазір ол троя унциясы үшін 1900 (!) АҚШ доллар белгісіне жетті.

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, алтын өндіретін өнеркәсіптің көптеген елдердің экономикасындағы рөлі, оның ішінде Қазақстанда да айтарлықтай артып отырғаны өз кезегінде аталған салаға деген үкімет тарапынан болатын қадағалауды күшейтеді. Біздің республикамыз үшін алтын жалпы экономикалық тұрақтылықта айтарлықтай рөл атқаратын негізгі өнім.

 

- Григорий Александрович, келесі сауалды біз сізге қойғымыз келіп отыр. Ұлттық банкпен президент жарлығын орындауы, алтын тек Қазақстан аумағында өңделуі тиіс дегенді білдіреді. Сонымен қатар көптеген алтын өндіруші кәсіпорындарда өнімдерін (тазарту үшін Доре қорытпасын) шетелге жеткізу туралы келісімшарттары бар. Осы жағдайды сіз қалай шешуге болады деп отырсыз?

 

- Сала кәсіпорындарының экспорттық келісімшарттарын аяқтауға мүмкіндік беру мақсатында, алғашқы кезеңде, 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік бақылаудың жеңілдетілген нұсқасын сақтау жоспарлануда.  

2012 жылғы 1 қаңтарға Кедендік одақ елдері мен Қазақстанда құрамында қымбат металлдары бар шикізат тауарларын одан ары өңдеуге жағдай жасап және ынталандыру шаралары жасалуы тиіс. Сол себепті Ұлттық банк үкімет алдында елдегі бар тазарту қуаттарын толығымен жүктеуді қамтамасыз етуге шаралар қолдану қажеттігін қойды.  

 

- Радостовец мырза, сіз Қазақстаннан сыртқа қымбат металладардың экспортында қалыптасқан жағдайды қалай бағалаған болар едіңіз?

 

- Бірыңғай кедендік кеңістіктің құрылуы кедендік органдардың қазақстандық алтын өндірушілердің өнімдеріне экспорттық процедураларды жүргізудегі көзқарастарын біржүйеге келтіруді талап етті. Барлығы да кедендік органдардың қазақстандық компаниялардың өндірген қымбат металлдары мен осындай металлдары бар шикізаттарының экспортын уақытша тоқтатып қоюынан басталды.  

Оның себебі Қазақстанда нормативтік актілердің жоқытығы болды. Олар Кедендік одақ қызметін реттейтін халықаралық келісімдерге сай келтірілмеген болып шықты. Кедендік одақтың комиссиясының (КОК) 2010 жылғы 18 маусымдағы № 333 шешімімен Қазақстан үшін қымбат металлдардың экспорттау тәртібін енгізу 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылған болатын.

Өздеріңіз білетіндей, қазақстандық кәсіпорындар үшін экспорт дегеніміз – ол келісімшарттық міндеттерді орындау, кәсіпорынның жұмысының тұрақтылығы үшін қажет қаражат айналымы, жұмысшыларға жалақы, бюджетке төленетін салық және т.б. деген сөз. Көптеген қазақстандық тау-кен кәсіпорындары ірі салық төлеушілер болып табылады және инвесторлар алдында несиелері мен займдарын қайтару міндетін алып отыр.

 

- Григорий Александрович, президенттің аталған жарлығына сәйкес, Ұлттық банктің аффинирленген алтынды сатып алуда басым құқығы болады. Сіздің ойыңызша, бұл жағдай алтын өндірушілердің жұмысына қалай ықпал етеді? Жеткізу мен төлем шарттарына әсер етпей ме?

 

- ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында мемлекеттің тазартылған сом алтынды сатып алудағы басым құқығын толық көлемде жүзеге асыруды көздеп отыр. Осылайша, «Londongooddelivery» стандартына, қазақстандық стандарттарға жауап беретін алтын өндірушілер Ұлттық банк түрінде олардың өнімін тұтынушы – кепілдендірілген әріптес алып отыр.

2003-2005 жылдары Ұлттық банк аффинирленген алтынды қазақстандық компаниялардан аванстау шарттарымен сатып алған. Біз осы тәжірибені жалғастырамыз және бұл тұрғыда компаниялар үшін алаңдауға еш себеп жоқ.

Қазіргі уақытта Ұлттық банк ТКМҚ-мен бірлесіп аванстау жүйесін пысықтап жатыр.

 

- Николай Владимирович, жалпы Қазақстандағы алтын өндіруші өнеркәсіптің даму перспективаларын қалай бағалайсыз?

 

- Жалпы, оң бағалаймын, бұған қоса, елімізде бағалы металдарды өзіміз өңдеу үшін қажет қуат жеткілікті. Сондықтан мемлекеттік аффинаж (тазарту) зауытының құрылысы туралы шешім қабылдамас бұрын қазіргі кезде бар өндірістердің мүмкіндіктерін есептеу керек.

Қазіргі сәтте республикада «Қазмырыш» ЖШС мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-інің өңдеу зауыттары бар. Ал Қазмырыш  «Londongooddelivery» халықаралық стандартына сәйкес келетін құйма түрінде аффинирленген алтын шығару мүмкіндігі бар республикадағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Осыған байланысты қайта өңдеуді дәл осы Қазмырышта бастау қажет деп ойлаймын. Әрине, әлі бірқатар мәселелер бар, бірақ мемлекет тарапынан, соның ішінде монополияға қарсы агенттіктің тарапынан ынталандырушы шараларды ескерсек, оларды шешуге болады деген ойдамын.

Құрамында алтыны бар шикізатты қайта өңдеу шарттарын анықтау мақсатымен Қазмырыш пен алтын өндіруші кәсіпорындардың арасында меморандумға қол қоюға болады деп есептеймін. ТКМҚ бұл процеске белсенді түрде қатысуға дайын.

 

- Бұған қатысты не ойлайсыз, Марченко мырза?

 

-  Мен алтын өндіруші компаниялардың өкілдерімен кездестім, алтынды айыруда сапалы көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін Алматыда Ұлттық банктің жанынан немесе Шығыс Қазақстанда (Қазмырыштың қасынан) тәуелсіз зертхана құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал тарифтерді реттеуге келсек, мұнымен монополияға қарсы органдар айналысуға тиіс.

 

- Бағалы металдарды экспорттау қиындығына оралсақ, Радостовец мырза, ҚР шекарасындағы ағымдағы жағдай туралы не айтасыз?

 

- Иә, экспортқа қатысты жағдай айтарлықтай қиын, бірақ қуанышымызға орай, оны шешудің жолы табылды. Үстіміздегі жылы индустрия және жаңа технологиялар мингистрлігі проблеманы шешу бағытында көп тырысты: Қазақстанның мемлекеттік органдары мен алтын өндіруші және алтын өңдеуші кәсіпорындарының келісілген позициясы шығарылды, Кеден одағы комиссиясының хатшылығына ұсыныстар енгізілді, жұмыс тобы құрылып, ол нормативті құқықтық актілердің жобаларын жасады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының экспорттаушыларымен көптеген келіссөздерден кейін «ЕурАзЭҚ шеңберінде бағалы металдарды, бағалы тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және Кеден одағының кедендік аумағынан шығару тәртібі туралы ережеге» нақтылаушы түзетулер енгізілді.

Түзетулердің мәні ереженің мәтініндегі қайшылықтарды жойып, Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының ерекшеліктерін ескеруде жатыр.

Аталған өзгертулер ЕурАзЭҚ ережесінің нормаларының қайшылығын болдырмауға, қазақстандық өнімді экспорттау кезінде қосымша кедергілердің туындауына жол бермеуге, мемлекеттік органдардың қызметін қайталамауға мүмкіндік береді және бұл ҚР президентінің әкімшілік кедергілерді жою туралы тапсырмасына сәйкес келеді.

Енді 16 тамызда үкіметтің «Бағалы металдарды, бағалы тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын ҚР аумағына КО-ға кірмейтін елдерден әкелу және ол елдерге ҚР аумағынан шығару ережелерін бекіту туралы» қаулысы қабылданған соң мәселе шешілді деуге болады.

 

 

Анықтама. 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірісі осыдан бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48,3%-ға артып, 21,5 тоннаны құрады. Алтын өндірісін жылына 70 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.


adimage