ҚР Ұлттық банкі 2018 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің кірістілігін атады

Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкі 2018 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің кірістілігін атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары (5,3%) болып қалыптасты және 11,27% болды. Осылайша, БЖЗҚ салымшыларына олардың 5,97% мөлшердегі зейнетақы жинақтарына нақты кірістілік қамтамасыз етілді», - делінген ҚР Ұлттық банкінің сейсенбіде таратылған хабарында.
Өткен жылдың қорытындылары бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 2018 жылдың басынан бастап 20,6%- ға немесе 1,60 трлн теңгеге ұлғайып, 9,38 трлн теңге болды.
«2018 жылы БЖЗҚ-тың зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде нарықтық талаптармен жалпы сомасы 1,46 трлн теңгеге инвестицияланды. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетел валютасындағы активтердің үлесі салымшылардың барлық зейнетақы жинақтарының 32,8%-ын құрады», - делінген хабарда.

adimage