ҚР Ұлттық банкі ҚХР Орталық банкімен 7 млрд юаньға валюталық айырбас бойынша келісім әзірлеп жатыр

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. ҚР Ұлттық банкі ҚХР Орталық банкімен бірлесіп 7 млрд юаньға валюталық айырбас бойынша келісім әзірлеп жатыр, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Біз 25 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында алғаш рет юань-теңге саудасын іске қостық. Біз ұлттық валюталардағы сауда-саттық соның ішінде шекаралас аудандарда, оның ішінде «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық орталығында да ұлғаятын болады деп санаймыз... Біз Ұлттық банк ретінде, премьер-министр Ли Кэцяннің сапарының қарсаңында Қытайдың Орталық банкімен 7 млрд юань көлеміндегі валюталық айырбас аясында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы келісімге қол қойылуын әзірлеп жатырмыз», - деді Қ. Келімбетов сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.

adimage