ҚР Ұлттық банкі жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық банкі «C. Айтбаев «Бақыт» жаңа коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлады қаржылық реттеушінің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы 5 желтоқсанда номиналы 500 теңге күмістен, «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан «С. Айтбаев «Бақыт» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. «С. Айтбаев «Бақыт» монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясын жалғастырады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда нақтыланғандай,  Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген.
«Монетаның жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Логотиптің сол жағында «С. АЙТБАЕВ», оң жағында «БАҚЫТ» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Сол жағында соғылған жылын білдіретін «2018» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925» және «31,1 g» деген жазбалар бар», - деді Ұлттық банкте.
Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.
«Монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған», - делінген хабарда.


adimage