ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Ирғалиев премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Ирғалиев премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-Министрдің өкімімен ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, Арман Евниев пен Берік Бейсенғалиев өз қызметтерінен босатылды.
«Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарда..
Еске салсақ, Әсет Ерғалиев 2018 жылдың қыркүйегінде ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.
Арман Евниев 2018 жылдың қаңтарында ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
Берік Бейсенғалиев 2018 жылдың шілдесінде ҚР ауыл шаруашылық министрінің орынбасары болып тағайындалды.

adimage