ҚР Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті Нәдір НӘДІРОВ: МАҒАН АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА ЕШҚАНДАЙ ДӘЛЕЛСІЗ ҚАРСЫ ШЫҒАТЫНДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ТҮСІНІКСІЗ

Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстандағы атом электр стансасы (АЭС) құрылысы төңірегіндегі дау-дамайлар кейде жаңа қарқынмен өршиді, кейде белгілі бір уақытқа дейін бәсеңдейді. Әрине, жапондық Фукусима-1 АЭС-ғы, Чернобыльдегі, американдық Три-Майл-Айленд АЭС-ғы апаттар атом энергетикасы төңірегінде жағымды әсер қалдырған жоқ. Жұртшылық бұл саладағы үлкен қауіптен алаңдайды. Қазақстандық жұртшылық та алаң. Бірақ, бүгінгі таңда барлығы атом энергетикасы - бұл энергия мен жылуды алудың ең таза әдісі екендігін түсінеді. Атом саласына үнемі енгізілетін технологиялық жаңышылдықтар іргелі және қолданбалы ғылымды дамытады, экономиканың басқа салаларына оларға ауадай қажетті ноу-хауды ұсынады.

Атом энергетикасының проблемалары жөнінде ҚазТАГ тілшісіне мұнайхимия, көмірсутектерді шығару, қайта өңдеу мен тасымалдау саласындағы белгілі ғалым, Қазақстанның танымал ғалым - мұнайхимиктерінің арасындағы жалғыз академик Нәдір Нәдіров әңгімелеп берді.

 

- Нәдір Кәрімұлы, неліктен бізде АЭС құрылысы жайлы көп айтылады, ал іс жүзінде ешқандай жұмыс көзге көрінбейді? Бұл нақты немен байланысты?

 

- АЭС құрылысының осылай ұзаққа созылу проблемаларының бірі – бұл жағымсыз қоғамдық пікірдің қалыптасуы. Жапондық Фукусима-1 АЭС-ғы апаттан кейін әлем жұртшылығының санасында атом энергетикасы жайлы жағымсыз пікір қалыптасты. Бұл апат саланың имиджіне залал келтірген басқа да оқиғалар тізбегін туғызды. Әрине, ол қазақстандық жұртышылықтың да санасына жетті. Дәл осы апаттан кейін Қазақстанның ішінде атом энергетикасы адамдар үшін тым қауіпті деген пікірлер жиі айтыла бастады.

Басқа жағынан алып қарасақ, биліктегілер табысқа жеткісі келсе, олардың саяси факторды да ескергені жөн. Бүгінгі таңда терактілер мен жаппай адам өліміне байланысты әлемдегі әлеуметтік-саяси жағдайды жақсы деп айтуға келмейді. Әрине, көптеген жергілікті тұрғындарда айқын әрі түсінікті қорқыныштар пайда болады. Және олар осы қорқынышты көбейткісі келмейді. Сондықтан, тұрғындардың санасында АЭС – бұл тағы бір қауіптің көзі.

Бұнымен қатар, көбі долбардан қорқады. Және, егер технологиялық жағынан дамыған Жапония АЭС-ғы апат қоршаған ортаға үлкен зардап әкелсе, онда Қазақстан  АЭС-ғы апат нені әкелуі мүмкін? - деген сұрақ қойылуда. Мысалы, Фукусима-1 стансасына жақын орналасқан теңіз аквторийінде ауланған балықта радиация мөлшері рұқсат етілген мөлшерден жүздеген есе асады.

 

- Түсінікті. Бірақ егер біз Жапонияның технологиялық басымдығы жөнінде айтып отырған болсақ, онда болжам бойынша апаттың техникалық сипатта болғанында ғой?

 

- Технологиялық жағынан басым екендігі анық. Дегенмен, қазіргі кезде Фукусима-1 стансасындағы апатқа себеп болған – адами фактор екендігі белгілі. Дәл осыны Жапония парламентімен құрылған апат себептерін тергеу жөніндегі комиссия өкілдері негізге алады. Айта кету керек, бұрын апат себебі – жер сілкінісі және жер сілкінісінен туындаған цунами деп есептелген болатын.

Дегенмен, адами фактор, шын мәнінде барлық жағдайда кездеседі. Кейде көп, кейде аз мөлшерде. Мысалға, екінші дүние жүзілік соғыстың соңында жапондық Хиросима және Нагасаки қалаларына атом бомбаларын тастау. Американдықтар бұл шешімді КСРО-ны үркіту үшін, өз технологиялық басымдығын көрсету үшін қабылдады. Американдық ғалымдар шынымен де ұлы жаңалық аштық деп санады. Әскерилер бұл жаңалықты өз мақсаттарында пайдаланды. Саясаткерлер оларды қолдады. Бірақ, ұлы жаңалықтың жемісі ұлы қайғыға айналды, және адамзат жапон қалаларын атом бомбалауын үлкен жауыздық деп қабылдайды.

 

 - Бұл тұжырымдамамен  келіспеуге болмайды. Бірақ, бізде Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі алдын ала шешіліп қойған сияқты, ал бізден, халықтан ешкім ештеңені сұраған жоқ, және сондықтан бізге тек қабылданған шешімді қолдау ғана қалды. Сонда, атом энергетикасы баламасының жоқ болғаны ма?

 

- Егер Қазақстанды алып қарайтын болсақ, елде басқа да көптеген энергия көздері бар. Біздің ел көмірге, мұнайға, газға бай. Бұл ресурстар қазақстандық экономика және тұрғындар үшін жеткілікті мөлшерде электр энергиясы мен жылуды өндіруге артығымен жеткілікті.

Дегенмен, қолда бар потенциалдың өз шектеулері бар. Мәселен, Қазақстан бұрын жасалған келісім шарттар бойынша шикі мұнайды шетелге шығарады, келісім шарт  пунктерін бізді құрметтесін десек, қатаң сақтау керек. Яғни, жақсы жағдайда ішкі қажеттіліктер үшін электр энергиясы мен жылуды өндіруге жіберуге болатын шикі мұнайдың жетіспеушілігі бар.

Әрине, Қазақстан мұнайға тәуелділіктен кетуге ұмытылуда, сол үшін  өнеркәсіп  инфрақұрылымын дамыту бойынша көптеген үлкен бағдарламалар қабылдануда. Бірақ, біз шикі мұнай экспортының мөлшерін бірден қысқарта алмаймыз. Себебі, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) үштен бірінен көбі мұнай сатылымы есебінен қалыптасады.

Ал көмір, мұнай, мазут немесе газды жағу, әлемдік тәжірибе көрсеткендей қоршаған ортаға атом энергетикасынан кем түспейтін зиян келтіреді. Сонымен қатар, ол жер температурасының ұлғаюына, климаттың, әлемдік мұхит деңгейінің өзгеруіне және басқа қауіп-қатерге әкеледі.

 

- Нәдір Кәрімұлы, дегенмен бұл БАҚ-ның ақпараттандыратын, ал іс жүзінде біз сезінбейтін проблемалар. Ол тек мазалайды, болды. Ал бізге оның қатысы жоқ...

 

- Әрина, қатысы бар. Мәселен осы жаздағы Алматыны ауа-райын алып қарайық. Екі ай бойы жаңбыр жауған жоқ, ал бұрынғы жылдары осы уақытта жаңбыр нөсерлеп тұратын. Қуаңшылық бүкіл Қазақстанның экономикасына, әсіресе агроөнеркәсіптік салаға жағымсыз әсер етеді. Ағымдағы жылы дәнді дақылдар өнімділігі 2011 жылға қарағанда екі есе төмен. Тағы бір мысал. Қала көшелерінің бойындағы барлық бұталар, өсімдіктер солып қалды, бұндай бұрын болған емес.

Басқа бір мысал келтірсек. Қазақстанда көбі Алматыны, қала аумағы арқылы 22 таулы өзен ағып өтетін әлемдегі ең көрікті қаланың бірі деп санайды. Осының арқасында оңтүстік астананың климаты жұмсақ, тұрғындар үшін қолайлы болып келеді. Бірақ, бұл мәселенің тек бергі жағы ғана. Көбі соңғы бірнеше жылда жаһандық жылынуға байланысты қалаға жандандыратын ылғал беретін мұздықтардың тең жартысының еріп кеткендігін білмейді.

 

- Әрине, үрей тудырады, бірақ менің ойымша, өмірге тікелей қауіпті емес. Көптеген жергілікті тұрғындардың санасына Қазақстандағы көмір 300 жылға жетеді, және сондықтан бізге тек жылу стансаларын салу керек, экологияға зардап тиеді, бірақ зардапты жою туралы келесі ұрпақ ойласын деп сіңірген.

 

- Менің ойымша, егер біз белгілі бір уақыт өмір сүретін пенде сияқты әрекет жасасақ, онда келер ұрпақ бізді қарғайтын болады. Ал көмір, мұнай және газ орны толмайтын энергия көздеріне жатады. Егер оны бақылаусыз пайдалана бастасақ, онда сарапшылардың барлық болжамдарын бірнеше есеге қысқартуға болады.

Ал уран қоры сарқылмайды. Мәселен, 2011 жылдың қорытындысы бойынша шығарылған уран көлемі 19,45 мың тоннаны құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 9%-ға жоғары. Осылай, Қазақстан алдын ала мәліметтер бойынша 55,4 мың тоннаны құрайтын бүкіләлемдік уран шығару көлемінің 35% қамтамасыз етіп,  уран шығарушы саланың көшбасшысы позициясын сақтады.

Атом энергетикасын таңдау керектігі жөнінде экономика да дәлел бола алады. АЭС-ғы өндірілетін электр энергиясының 1 кВт/сағ өзіндік құны энергия алудың басқа әдістерінен әлдеқайда арзан.

 Бұнымен қатар, Қазақстанда атом реакторларын пайдалану тәжірибесі бар. 30 жыл бұрын Ақтауда (ол уақытта Шевченко болған) БН-350 негізінде жылдам нейтрондарда жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы атом стансасы салынды. Технологиялық ережелерге сәйкес, реактор ең аз дегенде 25 жыл жұмыс атқару керек, және ол осы мерзімде апатсыз, жақсы жұмыс істеді. Яғни, Қазақстанда атом реакторында жұмыс істей алатын мамандар ғана емес, оны қауіпсіз пайдаланудың тәжірибесі де бар.

 

- Бірақ, КСРО-ның ыдырауы салдарынан бөлініп кеткен республикаларда кадр тапшылығы байқалды. Көптеген мамандар ауыр 90-шы жылдары саладан кетіп, өз мамандығымен емес, басқа жұмыстармен айналысып кетті. Ал бүгінгі күні де мамандар тапшылығы өте үлкен.

 

- Сізбен келіспеуге болмайды. Бірақ, Қазақстан жаңа технологиялық деңгейге шығып, әлемге және өз халқына атом энергетикасының басымдықтарын көрсетуге ұмтылуда. Менің ойымша, бізге еш қиындықсыз қажетті технологияларды сатып алып, үлкен қажеттілік туындап жатса, жоғары білікті шетел мамандарын шақыруға болады.

Алдарына атом энергетикасын дамыту мақсатын қойған ел ретінде Иранды мысалға келтіруге болады. Иранның ядролық бағдарламасына деген әлемдік бірлестіктің қарым-қатынасына қарамастан, Тегеран оны жүзге асыруда, және ол қазір Бушередегі алғашқы атом стансасын іске қосу кезеңінде тұр. Бұл Иран билігінің атом энергетикасын дамыту қажеттілігін түсініп, оның болашағын көретіндігін білдіреді. Иранның уранды байыту мәселесінде толық тәуелсіздікке ұмтылатындығы анық. Өз отыны әрқашан арзан болады, және елдің сыртқы жеткізушілерден тәуелділігі азаяды.

Сонымен қатар, саяси құрамдас жайлы да ұмытпау керек. АЭС құрылысы жобасын сәтті іске асыру, одан кейін оны қауіпсіз пайдалану Қазақстанға зор саяси дивиденттер береді. Бұл – әлемдік бірлестік тарапынан сенімнің артуы және жоғары халықаралық имидждің қалыптасуы.

 

- Қасарушылықпен, біз имиджің қамын ойлаймыз. Тіпті сол мақсатпен ОБСЕ саммитін де өткіздік. Бірақ, Нәдір Кәрімұлы, біз қарапайым халықтан оларға АЭС керек пе, жоқ па, деп сұрауды ұмытып кетеміз.

 

- Сұрау керек. Менің пікірімше, АЭС құрылысы мәселесі бойынша мамандар, жергілікті тұрғындар және жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру керек.

Қазақстанда осындай жұмыс формасының тәжірибесі бар. Екі жыл бұрын Каспий теңізінің акваториінде жедел әрекет ету базасы құрылысының қажеттілігі туындады. Дәл сол жерде қажетті жағдайда Қашаған кен орнындағы апаттарды жоятын мамандар орналасу керек болатын. Және база құрылысының орны ретінде Оралдың Каспий теңізіне құйылатын сағасы таңдалды. Осы себептен, жергілікті тұрғындар базаның құрылысына қарсы шықты. Олар құрылыс барысында сағадағы балықтар кетіп қалады деп қорықты.

Биліктегілер екі кезеңі нәтижесіз өткен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды. Мені Атыраудағы үшінші тыңдауға шақырды, және халық алдында қазақ тілінде сөз сөйлеуді сұрады. Көбі мені танитын, және менің пікіріме сенетін. Мен адамдарға Қашағанда апат болған жағдайда басқа елдерден апаттық қызметтер келу керек, деп түсіндіруге тырыстым. Ал бұл ұзақ, қымбат әрі үлгеретіндіктеріне кім кепіл? Осыдан кейін, жергілікті тұрғындар база құрылысы идеясын қолдады. Мен бұнымен біздің адамдардың білімді екендігін, және дұрыс түсіндірілсе, АЭС құрылысы идеясын да қолдайтындығын айтқым келді.

 Және, маған атом стансасы құрылысына ешқандай дәлелсіз қарсы шығатын адамдардың көзқарасы түсініксіз. Егер біз елімізідің дамуы мен өркендеуін ойласақ, қазірдің өзінде болашақ жайлы қамдануымыз керек. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, 2030 жылға қарай біздің елде энергияны тұтыну екі есеге өседі. Бұл дефицитті біз қалаймыз ба, жоқ па, жабуға қажетпіз. АЭС – осы жағдайдан шығудың ең қолайлы жолы.

   Басқа энергия көздерін мұнайхимия саласында үлкен табыспен пайдаланып, жоғары қосымша құнмен өнім өндіруге болады.

 

- Экономиканы диверсификациялау жөнінде сөз болғанда барлығы жоғары қосымша құн  туралы айтады. Мысалы, Германиядан жоғары технологиялық өнімді шығармайды, деп күдіктенуге болады ма? Ол да Фукусима-1 стансасындағы апаттан кейін 2022 жылға қарай өздерінің соңғы атом блогын жабуға шешім қабылдады. Бұл нені білдіреді?

 

- Германия билігінің шешіміне келетін болсақ, осындай құрметті елдің шешімін сыйлау керек. Әр елдің өз басымдықтары бар.

Осы жайлы пікірлер де көп. Менің ойымша, Қазақстанға жапондық АЭС-ғы апаттан кейін пайда болған қандай да бір ағымдарға сеніп керек емес. Бүгін, немістердің атом блоктары жабылғаннан кейін, олардың сол шығынды өтей алатындығын айту қиын. Теориялық балама ретінде күн және жел энергиясын қарастыруға болады. Бірақ, тек теория жүзінде. Осы энергия көздерінде энергетикалық қауіпіздікті жасауға болмайтындығы барлық мамандарға белгілі. Олар тым осал. Және тағы бір маңызды себеп: немістер атом энергетикасынан бас тартқандары үшін үлкен құн төлеуі мүмкін. Бүгінгі таңда көптеген көрші елдер Германияға олардан электр энергиясын сатып алуды ұсынуда.

Шынымен де, ресми Берлиннің жағдайын түсінуге болады. Еуропаның жер аумағы кішкентай, ал тұрғындары тым көп. Жанында адам көп болғандықтан АЭС салу ақылға сыймайды. Ал Қазақстанның Еуропаға қарағанда жер аумағы үлкен, халық тығыздығы төмен.

Дегенмен, халықтың жоғары тығыздығы атом энергетикасының дамуын тежейді деп айтуға болмайды. Мысалы, Қытайды алып қарасақ. Ол атом блоктарын енгізудің кең ауқымды бағдарламаларының біріне ие.

Менің ойымша, бұнда басқа жағдай маңызды рөл атқарады: электр энергиясына деген сұраныс және оны қанағаттандырудың мүмкіндіктері. Мәселен, Жапонияның апат салдарына қарамастан, шектеулі мүмкіндіктері бар. Энергетикалық потенциалды олар тек жаңа атом блоктарын салу мен енгізу есебінен өсіре алады. Қалған энергия көздері жапондықтарғы тым қымбат бағаға түседі.

Қазақстанның айырмашылығы болса, біз энергия көздерінің түрлерін және оларды қайда салу керектін таңдай аламыз. Ал атом стансасын салу мен пайдалану бізге жаңа тәжірибе береді, жаңа саланы құрады, соның арқасында бүкіл қазақстандық экономика жаңа технологиялық деңгейге шығады.

 

- Сұхбат бергеніңізге рахмет!


adimage