ҚР Ұлттық тестілеу орталығы директорының экс-орынбасары жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының экс-орынбасары жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. (…) 9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталмыш азамат өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген хабарда.
Ведомствода атап өткендей, «Жақсыбеков аймақтарда «ProBusineSS.kz» ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны аталмыш ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын «Toyota camry» маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген».
«Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Аталған тұлға мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды. Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген.

adimage