ҚР ұлттық ғылыми онкоорталығын құру тұжырымдамасын жүзеге асыруға Т406 млн жұмсалмақ

Күні: 12:06, 05-08-2019.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру тұжырымыдамасын жүзеге асыруға Т406 млн астам жұмсалмақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру тұжырымдамасын жүзеге асыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша шығындар (мың теңге – ҚазТАГ): 2020 – 406 126), - делінген денсаулық сақтау министрлігі ұсынған «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының жобасында.
Бұған дейін ҚазТАГ ХАА 2019-2022 жылдары тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге Қазақстанның республикалық бюджетінен Т3,8 трлн жуық жұмсалмақ деп хабарлаған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: