ҚР мәдениет министрлігі кино саласындағы семинарлар мен конкурсқа Т26,1 млн жұмсамақ

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Максим Елизаров. ҚР мәдениет министрлігі кино саласындағы семинарлар мен конкурсқа Т26,1 млн жұмсамақ, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесі; атауы – Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында 30 шілдеде жарияланған бес лоттың сипаттамасында.
Қосымша сипаттамада келесі жобалар мен олардың жоспарлы сомасы көрсетілген: әдістемелік құралды шығарумен кино дыбыс режиссерлеріне арналған «Кино дыбысы» онлайн-форматтағы семинар-тренинг – Т3 571 428,57; Альбом шығарумен «Дарынды балалар мен студенттерді анықтау және қолдау мақсатында онлайн-форматтағы республикалық балалар киносының конкурсы – Т10 035 714,29; "Әдістемелік құралды шығарумен деректі фильм режиссерлеріне «Заманауи деректі фильм» онлайн-форматтағы семинар-практикум – Т3 571 428,57; Әдістемелік құралды шығарумен Қазақстан театрларының сценографтарына арналған «Заманауи театрда қойылым процесін жетілдіру» онлайн форматтағы семинар-практикумы»– Т4 464 285,71; кинооператорлар үшін әдістемелік құралды шығарумен онлайн форматындағы «Кинематография және фотография» мастер класы – Т4 464 285,71.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 22.13 30 шілде - 10.00 21 тамыз аралығы.
Әр лоттық техникалық ерекшелігінде семианралр мен конкурстарға Қазақстанның барлық өңірінен кем дегенде 20 адамның қатысуы керек деп көрскетілген. Әр семинардың ұзақтығы кем дегенде 10 сағат. Шығарылған әдістемелік құралдардың беті кем дегенде 50 стандартты альбомның форматындай болуы және кем дегенде 200 данасы шығарылуы керек. Шаралар ағымдағы жылдың 15 қаоашасына дейін өтуі тиіс.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 2000-2019 жылдар аралығында қазақ фильмдерін шығаруға Т60 млрд шамасында жұмсалған еді, ал оның пайдасы шығаруға кеткен шығынның 16% -нан жоғары бола алмады.

adimage